Нұр-Сұлтанда қатты желдің салдарынан баннер құлап, екі адам зардап шекті деп хабарлады turkystan.kz. Баннер құлағаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Оқиға Бейбітшілік пен келісім сарайы маңында орын алған. Қатты жел баннерді шамамен 15 метр жерге дейін ұшырған. Салдарынан елорда тұрғыны түрлі дене жарақатын алған. Жедел медициналық жәрдем бригадасы оқиға орнына 3 минутта жеткен. «Зардап шеккен …