Бүгін, 17 маусымда елордада «Дені сау ұлт» ұлттық медициналық саммиті өтеді деп хабарлады turkystan.kz. Медицина қызметкері күнін мерекелеу қарсаңында және Президенттің «Жаңа Қазақстан» идеясының шеңберінде іске асырылатын іс-шараның ұйымдастырушылары Денсаулық сақтау министрлігі және «ALTYN SHIPAGER» ұлттық медициналық сыйлығының ұйымдастыру комитеті болып табылады. Саммитке Президент әкімшілігі, Үкімет мүшелері, елдің медицина жұртшылығының өкілдері, бизнесмендер, денсаулық сақтау саласындағы отандық және шетелдік …