Кеше Астана күні мерекесінде Нұр-Сұлтан қаласында 78 нәресте дүние есігін ашты деп хабарлады turkystan.kz. Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, 6 шілде күні елордада 78 бала өмірге келді. Олардың 46-сы – ұл, 32-сі – қыз бала. Сәбилердің дүниеге келуі туралы есеп 6 шілде күні түнгі сағат 00:00-ден 24:00-ге дейін жүргізілді.