Елорда күніне орай қазақ күресінен «Қазақстан барысы» ХІ республикалық турнирі өтеді деп хабарлады turkystan.kz. Биыл 3 шілде күні «Барыс-Арена» мұз сарайында өтетін дәстүрлі турнир елімізде ұлттық спортты дамыту арқылы салауатты өмір салтын насихаттау, Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығын атап өту, қала күнін мерекелеу және балалар жылы аясында жастарды ұлттық спортпен шұғылдануға тарту, олардың бойында отансүйгіштік сезімді …