Елордадағы Сарыарқа ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында экомарафон өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Астана әкімдігінің мәліметінше, марафонда тұрғындар 4 шақырым қашықтықты жүгіріп өтті. Бүгінгі ұйымдастырылған марафон бұрынғылардан ерекше әрі өте креативті өтті.