Елордада сушиден уланып қалғандардың саны 90-нан асты деп хабарлады turkystan.kz КТК арнасына сілтеме жасап. Уланғандардың арасында 20 бала бар. Осыған дейін үйінде емделгендер инфекциялық ауруханаға түскен. Себебі тамақтан уланғандардың жағдайы түзелмей жатқан көрінеді. Байқоңыр ауданында орналасқан қоғамдық тамақтану орны уақытша жабылды. Егер улану фактісі анықталса, ірі көлемде айыппұл салынады. Қоғамдық тамақтану орны жабылуы да мүмкін. …