Астанада танысының үйіне қонаққа барған Ұлытау облысының тұрғыны ұрлық жасаған. 41 жастағы ер адам танысының әйелінің алтын бұйымдарын қолды еткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Елордалық Полиция департаментінің мәліметінше, келтірілген шығын сомасы 200 мың теңгені құраған. Полицияға арыз