Астанада жекеменшік медицина ұйымдары Денсаулық сақтау министрлігімен соттасып жатыр. Даудың себебі – министрліктің бұйрығы. Құжатқа сәйкес, бұдан былай емханалар мемлекеттен тегін медициналық қызметтің толық ақысын тек өткен айда нақты қаралған пациенттер үшін ғана алады. Ал егер медициналық мекемеге тіркелген тұрғындардың басым бөлігі дәрігерге жүгінбейтін, дені сау адамдар болса, олар үшін бөлінетін қаржы қысқартылады. Жекеменшік емханалар қаржыландыру тәсілінің өзгергеніне наразы. Министрлік неге мұндай шешімге келгенін түсіндірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Жаңалықтар