АҚШ-тың ірі банкі Silicon Valley салымшылар, технологиялық және венчурлық компаниялардың қызметкерлері ақшаларын қайтарып алу туралы шешім қабылдағаннан кейін банкротқа ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл он жылдан астам уақыт бұрын қаржылық дағдарыстың шыңына жеткен Washington Mutual банкінің сәтсіздігінен кейінгі АҚШ тарихындағы екінші ірі банктің құлдырауы. Сондай-ақ, Silicon Valley ірілігі жағынан елдегі 16-шы орында тұрған банк болды.