Алматы мен Анкара арасында аптасына екі рет тікелей әуе рейсі орындалады. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Бұған дейін Қазақстан Республикасы президентінің тапсырмасы бойынша Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе қатынасы мәселелері бойынша Түркияның авиациялық билік орындарымен келіссөздер жүргізілген болатын. Нәтижесінде тараптар маршруттарды, рейстер санын екі есеге және тасымалдаушыларды көбейту жөнінде уағдаластыққа