Астана қаласында осы жылғы өңірлік жәрмеңкелер маусымы аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 4 және 5 қарашада жоспарланған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өңірлік жәрмеңкесі тоқтатылады. Басқа облыстың аграршылары күннің суытуына байланысты ел астанасына келмейтін болды.