Еліміздің барлық мектебінде балалар қауіпсіздігі бойынша тексеру жүргізіледі. Әзірше, білім беру нысандарына кіріп-шыққандарға бақылау күшейтіледі. Петропавлдағы №4 мектепте оқушының шабуылына байланысты өткізілген шұғыл кеңесте осындай нұсқаулық берілді. Білім министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова аталған факті бойынша тексерудің алдын ала қорытындысын жариялады. Бүгінде бұл білім беру ұйымында нұсқаулықтың толық сақталмауы, лицензияланған күзеттің, турникеттердің