Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов министрліктің кеңейтілген алқа отырысында мемлекеттік рәміздерді қорлағандарды жауапқа тарту қатаңдатылғанын айтты. Айыппұл көлемі 3 000 АЕК. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қылмыстық кодекстің «Мемлекеттік рәміздерді қорлау» туралы 372-бабына өзгерістер енгізілді. Өзгерістер нәтижесінде рәміздерді қорлау дерегі үшін айыппұл көлемі 3 000 АЕК-ке (1 АЕК – 2023 жылы 3 450 теңге) ұлғайтылды