Енді қазақ тілінде оқитын мектептерде 1-сынып оқушысы бір ғана тілді, яғни қазақ тілін меңгереді. Орыс тілі 2-сыныптан, ағылшын тілі 3-сыныптан бастап оқытылады. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді. Айтуынша, мектеп табалдырығын енді аттаған бала үшін бірден үш тілді меңгеру қиын. Сол себепті – тиімсіз. Мәселенің шешімі қабылданды. Қазақ тілінде оқитын балалар енді