Енемен бірге тұру мүмкін бе? Ене мен келін кикілжіңінде кім төреші болуы керек? Кикілжіңді болдырмаудың жолы қандай? Бұл сауалдарға психоаналитик Анна Құдиярова «Таңғы шай» бағдарламасында жауап берді. Анна Құдиярованың айтуынша, психологиялық мәдениетін көтермесе, ене де, келін де баяғы «көкпеңбек көк әйелдер» боп жүре береді. Маман тым құрығанда ене мен келін психоанализ әліппесін түсінуі керек дейді.