Еуроодақтың 27 елінің сыртқы істер министрлері Армения мен Әзірбайжан шекарасындағы мәселелерді шешу үшін азаматтық миссия туралы келісті. Бұл туралы дүйсенбіде Брюссельде ЕО кеңесінің мәлімдемесінде айтылды, деп хабарлайды ТАСС. Бүгін кеңес аймақтағы жағдайды бақылау, талдау және есеп беру үшін Әзірбайжан мен Армения шекарасына ЕО-ның 40 сарапшысын жіберу туралы шешім қабылдады. - делінген хабарламада. ЕО аймақта азаматтық