Еуропалық одақ Ресейдің Украинаға басып кіруінің 1 жыл болғанына байланысты 22 ақпанда Стамбұлда саммит өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды түркиялық БАҚ ЕО Өкілдігінің басшысы Николаус Майер-Ландрутқа сілтеме жасап. BBC Russian ақпараттық агенттігінің телеграм каналында жазылғандай, оның айтуынша, кездесуде соғыстың геосаяси және экономикалық салдары талқыланады. Дипломат атап өткендей, айтулы іс-шараға Украина үкіметі мен Түркия өкілдері шақырылады.