Алматы-2 станциясында полицейлер пойыздың төбесінен ер адамды түсіріп алды. Ол Батыс Қазақстан облысына пойыздың үстіне отырып бармақшы болған деп хабарлады turkystan.kz. «24 шілдеде «Алматы 1» станциясындағы Желілік полиция басқармасының кезекші бөліміне сағат 20:20-да қоңырау түсті. «Алматы-2» станциясынан «Алматы-Орал» қатынасымен жолаушылар пойызын жөнелту кезінде машинист азаматтың өміріне қауіп төнгендіктен шұғыл тежеу қолданған. Ол Алматы-2 станциясында артқы …