Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның жұмысын қорытындылады. Мемлекеттік хатшы «ҚазАқпарат» агенттігіне берген сұхбатында бұрын қуғын-сүргін мәселелерін зерделеу ісін әртүрлі ғалым, тіпті жекелеген ұжымдар белсенді түрде зерттеп келсе, қазір бұған үлкен академиялық және сарапшылық күш біріктірілгенін айтады. «Мемлекеттік комиссияның жұмыс топтарында 316 сарапшы-ғалым жұмыс істейді, олардың ішінде …