Денсаулық сақтау министрінің орынбасары – Қазақстанның Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері болған Ерлан Қиясов жаңа лауазымға тағайындалды деп хабарлады turkystan.kz. Ерлан Қиясов Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Ұлттық сараптама орталығының Басқарма төрағасы болды. Бұл туралы ведомство сайтында жазылды. Ерлан Қиясов 1973 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. ҚазММУ, Орталық Азия университетін, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «Тұран-Астана» университетін бітірген. #8230;