Ермек Көшербаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Бүгін сағат 10.30-да Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы мәслихаттар депутаттарының жиналысы басталды. Күн тәртібінде өңір әкімін тағайындауға келісім беру ғана енгізілді. Барлығы екі кандидат болды. Олар - ҚР Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ермек Көшербаев және ШҚО әкімінің орынбасары Дархан Сапанов.