9 қарашадан бастап Қонаев қаласынан Алматыға дейін электр пойызы қайта қатынай бастайды. Бұл туралы Қонаев әкімі Нұрлан Құматаев мәлім етті. Әкімнің айтуынша, қазіргі уақытта пойыз тоқтайтын платформаны жөндеу, абаттандыру жұмыстары аяқталып жатыр. 9 қарашадан бастап электричка Алматыға жүре бастайды. Соған дайындық жұмыстары 2-3 күн болды жүріп жатыр. Қазір барлық жұмыскерлер қызмет істеуде, деді Нұрлан Құматаев.