Инфляция ырыққа бағынбай барады, халықтың табысы азайып, әлеуметтік наразылық тағы да бұрқ ете қалуы мүмкін. Қаңтардан кейін біршама басылғандай көрінген қоғамның қаһары қазір тамақ мен тауар атаулының бағасының өсуіне байланысты қайта оянып келеді, деп ескертеді Максим Казначеев деген саясаттанушы. Айлықтан айлыққа дейін әрең жетіп жүрген халықтың үлесі көбейіп бара жатқанын әлеуметтік қызметтердің өзі мойындап отыр.