Атырау облысының жұртшылығымен кездескен Қасым-Жомарт Тоқаев есірткі мен алкоголь мәселесіне тоқталып, елде спорт нысандарын көбейту керегін мәлімдеді. Мемлекет басшысының сөзінше, спорт инфрақұрылымын дамытып, оны барынша қолжетімді ету – маңызды міндеттің бірі. Өңірдегі көптеген спорт нысанына жөндеу жүргізу қажет. Сонымен бірге республикалық және халықаралық жарыстар өткізетін жаңа спорт кешендерін салу керек. Жалпы, көп шығынды талап етпейтін