Жыл сайын Қазақстанда жүздеген бала жоғалады. Ресми дерек бойынша олардың көбі аман-есен табылып, ата-анасына табысталады. Алайда перзентінің мәйітін тапқандар немесе өлі не тірі екенін біле алмай жылдар бойы ішқұсалықпен күн кешетіндер де аз емес. Ulysmedia.kz тілшісі елімізде жоғалған балаларды іздеу жүйесі қалай жұмыс істейтінін, із-түссіз жоғалғандар санатында қанша бала барын анықтап көрді.