Нұр-Сұлтан қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы Есіл өзенінде сүңгуірлік жұмыстар жүргізіп жатыр хабарлады turkystan.kz. Сүңгуірлер Кенесары көшесінен Сығанақ көшесіне дейінгі учаскеде, сондай-ақ Тельман елді мекеніндегі «Жасыл арал» ауданында Есіл өзенінің түбін тексерді. Есіл өзені акваториясының түбінің 88 900 м2 аумағы тексерілді және түрлі қоқыстан тазартылып, 889 нүктеде су түбі/тұнба шөгінділерінің деңгейі анықталды. …