Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан аумағына аса ірі көлемде синтетикалық есірткіні кіргізудің және сатудың тұрақты арнасын ұйымдастырған қылмыстық топты ұстады. Ведомство мәліметінше, «мефедрон» және «альфа-PVP» әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы саудаланған. Есірткі жасырын орындардың координаттарын беру арқылы бетпе бет кездесусіз алынып отырған. Жинақталған бұлтартпас айғақтардың нәтижесінде Шымкент және Қонаев қалаларында есірткі синдикатының ұйымдастырушысы мен үш көмекшісі