Мәжілісте «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» заң жобасы талқыланып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Жалпы отырыс барысында депутат Екатерина Смышляева заң жобасы бойынша негізгі баяндама жасаған әріптесі Айдос Сарымға онлайн платформалар Қазақстанда міндетті түрде өкілдіктерін ашу керектігіне қатысты нормаға байланысты сұрақ қойды. Заң жобасында онлайн платформалардың Қазақстан аумағында өкілдіктерін ашуын міндеттеу туралы норма көзделген. Бұл талап