Жаз жақындаған сайын қазақстандықтар фитнес клубтар мен жаттығу залдарына жиі бара бастады. Алайда биыл спортпен айналысу бұрынғыдан қымбатқа түсіп отыр. Абонемент бағасы инфляциямен бірге өссе де, халықтың фитнеске жұмсайтын шығыны азаймаған – соңғы бес жылда бұл нарық көлемі үш еседен астам ұлғайған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.