Әлемдік БАҚ не туралы жазып жатыр. Тәртіпсіздікке дайындық The Wall Street Journal Францияның жаппай наразылықтарға тап болғанын хабарлайды. Мыңдаған адам жалақыны көтеруді талап етіп, президент Эммануэль Макронның зейнеткерлік жасты көтеру жоспарына наразылық білдіріп, көшеге шықты. Ереуілге шыққан мұғалімдер, студенттер мен теміржолшылар бүкіл ел бойынша ондаған қалаларда бейбіт наразылық акцияларына қосылды, бұл қозғалысты қиындатып, билікті көптеген мектепті