2023 жылғы 1 қаңтарынан бастап 18 бен 25 жас аралығындағы барлық жыныстағы франциялық жастар елдің дәріханаларынан мүшеқаптарды тегін ала алады. Бұл туралы 8 желтоқсанда Франция президенті Эммануэль Макрон денсаулық сақтау мәселелеріне арналған шарада мәлімдеді. Франция басшысы бұл қадамды «қорғаныс саласындағы шағын революция» деп атады. Оның айтуынша, бұл шара жыныстық жолмен жұғатын ауру санын азайтуға көмектеседі.