Францияда Үкіметтің жоспарланған зейнетақы реформасына және зейнетке шығу жасын екі жылға арттыруға қарсы жаппай наразылықтар мен ереуілдер басталды. Елдегі ең ірі сегіз кәсіподақ жұмысшылары қарсылық шараларын ұйымдастырып жатыр. Зейнеткерлік жасты 62 жастан 64-ке көтеру көзделген. Бейсенбіде көптеген бастауыш мектеп жабылды, қоғамдық - құқықтық телерадиокомпаниялар әдеттегі бағдарламадан бас тартты және тек музыка таратты, теміржол және қалалық