Қаржыгер Расул Рысмамбетов Ресейдің инвестициялық компаниясы Қазақстанға қоныс аударуына қатысты пікір білдірді. Ресейдің «Фридом Финанс» инвестициялық компаниясы қызметкерлері мен клиенттерін Қазақстанға көшіруді ұйымдастырып жатыр. Менеджерлер Freedom Finance Global компаниясында жұмыс істейді, ал ресейліктер осы компания арқылы сауда жасайды. Мына жаңалық шыққан соң біздің реттеушіміз санкция инициаторлары Ресей компаниясының Қазақстанға көшкеніне қалай қарайтыны туралы ойлануы керек.