Тілдік жағынан түркі халықтарының оғыз тобына жататын ұлттың бірі – гагауздар. Гагауз тілі қырым-татар, түрік, әзербайжан, түркімен тілдеріне жақын. Бірақ ұзақ уақыт бойы болгар, балқан-рим және орыс тілдерінің ықпалында болған гагауз тілі 1957 жылдан бастап қана жазба тіл ретінде қолданыла бастады. Бұл тілде сөйлеп жазатындар, негізінен, Молдова аумағында, оның ішінде Гагаузияда тұрады. Ол аймақта гагауз …