Gallup сауалнамасы нәтижесіне сәйкес, украиналықтардың 70%-і Ресеймен соғысты жеңіске дейін жалғастырғысы келеді. Респонденттің 91%-і Ресей аннекциялаған барлық Украина аумағын, оның ішінде Қырымды қайтару керек деп санайды. Бұл туралы «Голос Америки» басылымы хабарлады. Сауалнама 2-11 қыркүйек аралығында, украин күштері елдің шығысында контршабуылдың нәтижесінде аумақтарды өзіне қайтарып, жергілікті халықтың еңсесі көтерілген кезде Украинаның барлық аумағында жүргізілді. Украина