Егде жастағы адамдармен қарым-қатынас кезінде олардан біртүрлі иіс шығатынын байқауға болады. Олардың барлығы дәрілік шөптердің қоспасынан тұратын парфюмерия тұтынатындай көрінеді. Жалпы, бұл иісті сипаттау өте қиын, бірақ көптеген адам ол иістің қандай екенін біледі. Ғалымдар да бұл құбылысқа бас қатырып, осы «кәрілік» иістің көзін анықтауға тырысыпты. 2001 жылы жүргізілген зерттеу барысында олар оған жауапты химиялық