Астрономдар күн бетінде соңғы екі ай ішіндегі ең қуатты жарқылдың болғанын айтты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. Максималды сәулелену 28 қазан күні, Астана уақытымен 08:24-те тіркеліп, оның деңгейі M4.6 болды. Қазіргі бес деңгейлі жіктеу бойынша бұл көрсеткіш төртінші санатқа жатады.