Мәжілістегі Үкімет сағатында Энергетика министрі Болат Ақшолақов 2025 жылға қарай Қазақстанда отандық газ тапшылығы болуы мүмкін екенін айтты деп хабарлады turkystan.kz. «Газ қоры бойынша Қазақстан әлемде 22 орында, ал ТМД елдері арасында Ресей мен Түрікменстаннан кейін үшінші орында. Табиғи газды кеңінен пайдалану мүмкіндігін ескере отырып, әлемдік экономикада оның маңызы зор. Ел ішінде газ тұтыну тұрақты …