90 жыл бұрын тарихымыздағы ең зұлым қайраткерлердің бірі – Қазақ өлкелік комитетінің бірінші хатшысы Шая Ицикович (Филипп) Голощекин Қазақстандағы қызметін аяқтап, Мәскеуге кеткен еді. Бірақ көп ұзамай репрессияға ұшыраған оның кейіннен қуғын-сүргіннің құрбанына айналғаны таңғалдырады. 1933 жылғы ақпанда «Казакстанская правда» газетінде Голощекиннің Қазақстаннан Мәскеуге кетуіне арналған мақала жарық көрді. Басылым партияның адал жауынгерінің революцияға бар