Түркістан облысында қызын грантқа түсірмек болған әйел 1 млн теңгесінен айырылды деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Шардара АПБ-ға арызданған азаматшаның айтуынша, 2020 жылдың желтоқсан айында танысы қызыңды жоғары оқу орнына грантқа түсіріп беремін деп 1 млн теңгесін алған. Аталған жайтты тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеді. Шардаралық тәртіп сақшылар тұрғынды алдап, …