19 шілдеге дейін білім грантын тағайындау конкурсына 83 мың өтініш келіп түсті. Талапкерлердің басым бөлігі құжатын үш республикалық маңызы бар қаланың жоғары оқу орындарына тапсырып жатыр: Алматы (34 мың), Астана (16 мың) және Шымкент (5 мың), деп хабарлайды ҚазАқпарат. Талапкерлердің таңдауы ішінде ең сұранысқа ие бағыттар қатарында «Педагогикалық ғылымдар» (22 мың), «Инженерлік, өңдеу және құрылыс