Ақпан айының басында «Грэмми» марапатына екі мәрте ұсынылған әнші N’Kenge қазақстандық Алексей Чжен тіккен көйлекпен қызыл кілемге шықты, деп хабарлады Kazakhstan Fashion Week басшысы Ботагөз Алдонгарова. Алексей Чжен – AlexChzhen брендін ұсынып жүрген дизайнер, қазақстандық сән апталығының арт-директоры. «Алексейдің N’Kenge-мен ынтымақтастығының басталуы Алматыда, әншінің менеджері Дэвид Валермен танысу кезінде болды. Кездесуде болашақ ынтымақтастық мәселелері талқыланды,