Тбилисидегі екі күндік наразылықтан соң парламентті билеуші партиялар – «Грузия арманы» мен «Халық күші» бірінші оқылымда мақұлданған «шетел агенті» туралы заңды қайтарып алды. Осылайша ел билігі 7-8 наурыз күндері парламент алдына шыққан ондаған мың наразының талабын орындады. Әзірге митинг кезінде ұсталғандардың тағдыры белгісіз. 8 наурыз күні наразылар оларды босатуды талап еткен. Грузия астанасы Тбилисидегі жаппай