3 мамыр – Дүниежүзілік баспасөз бостандығы күніне орай Грузия астанасы Тбилисиде жүздеген адам наразылық акциясына шықты. Қатысушылар `Мзияға бостандық!` және `Еуропалық бағытты қолдаймыз!` деген ұрандар көтеріп, журналистердің қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуді және қамаудағы әріптестерін босатуды талап етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz NEWSGEORGIA басылымына сілтеме жасап.