Грузияда маймыл шешегін жұқтырудың алғашқы жағдайы тіркелді деп хабарлады turkystan.kz «Зертханалық сынақ нәтижесі маймыл шешегінің вирусын растады. Науқас вирустық аурудың жеңіл түріне шалдыққан, тиісті емнен кейін үйіне шығарылды», – деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі. Министрлік хабарлауынша науқас Еуропаға саяхаттаған. Қазіргі уақытта онымен байланыста болған адамдар бақылауға алынды. Алайда олардың бірде-біреуінен ауру белгілері байқалған жоқ.