3,2 млн қазақстандықтың деректері интернет қылмыскерлерінің қолына түскен. Танымал хакерлік форумда WhatsApp қолданушыларының 500 миллионға жуық телефон нөмірлерінен тұратын база сатылымға қойылған, олардың арасында кейбір қазақстандықтардың да нөмірі жүр. Cybernews басылымының мәліметінше, хакердің қулығына 84 мемлекеттің тұрғындары ілінген, олардың 3,2 миллионға жуығы Қазақстан қолданушылары көрінеді. Аталған мессенджердің 2 миллиардтан астам қолданушысы бар десек, ұрланғаны оның