Қызылордалық полицейлер халықаралық іздеуде жүрген күдіктіні Нұр-Сұлтанда ұстады деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. «Жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында 2020 жылдан бері іздеуде жүрген Қызылорда облысының 31 жастағы тұрғыны елордада ұсталды. Ол ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігінің 1,3-тармағы бойынша қылмыс жасаған деп күдікке ілінген», #8211; делінген хабарламада. Азамат уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.