Биыл, бейбіт заманда, айдың-күннің аманында қазақстандық жылу жүйелері бірінен соң бірі жарылып жатыр. Назар аударатын жайт, оқиғалардың бәрі дерлік жеке қолдағы жылу-электр орталықтарында (ЖЭО) болған. Жылу қуатының бүкіл жолында – өндірістен тұтынуға дейінгі аралықтағы барлық инженерлік құрылғы мен жабдықтар көнерген, технологиялық тұрғыдан ескірген. Олигархтар салаға жеткілікті инвестиция салмай, ЖЭО-лардың әлеуетін сарқа пайдалануға, ылан-ойран пайда табуға