Моңғолия астанасы Ұлан-Баторда халық жаппай наразылыққа шықты. Олар үкіметтің отставкаға кетуін, жемқорлық мәселесін егжей-тегжейлін тексеруді талап етті. Бұл туралы Unen.mn хабарлады. Адамдар қолына «Үнсіз қалуды доғарайық», «Менің болашағымды ойла», «Халықты тонауды доғарыңдар» деген жазуы бар плакаттарды ұстап шыққан. 4 желтоқсанда наразылар қала көшелерімен жүріп, «Конституциямен бекітілген құқығымыз бен бостандығымыз жыл сайын шектеліп жатыр, өміріміз нашарлап