YouTube-тегі The Qazaq Times каналы қазақтың шын саясаткері, диссидент Хасен Қожа-Ахметтен сұхбат алыпты. Тәуелсіздікті бізге бере салды, «мә» деп, дейді ол. Сол кездегі Москва тағайындап берген, отаршылдарға қызмет еткен дүбәрә адамдар мен бюрократия сол күйі қалды билікте. «Ел бола алмаймыз» деп мен 1990 жылы айтқам, бұрынғы парламент үйінде, тамыздың 12-сінде өткен митингте. Мені халық тыңдамады.